425,73 504.32 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Қызылордада жол апатынан екі адам көз жұмды

  • 120
  • UPD: 15:10, 31.08.2021
Қызылордада жол апатынан екі адам көз жұмды

Қызылордада көлік жүргізушісі рөлге ие бола алмай, бағдаршамға тоқтап тұрған жедел жәрдем көлігіне соқтығысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Медициналық қызмет көлігінің жүргізуші мен фельдшер жансақтау бөлімінде көз жұмды. Тексеру кезінде Toyota Land Crusier автокөлігі жүргізушісінің орта дәрежедегі масаң күйде болғаны анықталды. Ең сорақысы, ол 2016 жылдан бері көлік басқару құқығынан айырылған екен. Қазір ол қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау абақтысына қамалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Азамат Оспанов, ҚПБ басшысының бірінші орынбасары:

– Аталған уақиға бойынша Toyota Land Cruiser автокөлігінің жүргізушісіне ҚР ҚК-нің 346-бабының 6-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Қосымша сараптамалар тағайындалып, тергелу жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы