Қарамағындағы қызметкерін ұрған полиция майоры жұмыстан босатылды

Бұған дейін әлеуметтік желіде Алматы қаласы Наурызбай аудандық полиция басқармасында бір азаматтың полиция қызметкерін қуып жүріп ұрғаны туралы бейнеролик тараған еді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ондағы жазбада әріптесіне қол көтерген адам аудандық полиция басқармасы бастығының орынбасары екені айтылған. Аталған деректен кейін ол жұмыстан шығарылды. Сондай-ақ бұл бөлімнің бірнеше басшысы қызметінен босатылды. Бұл туралы қалалық Полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов айтты. Мәліметтерге қарағанда орынбасардың әрекеті қызметтік өкілеттілікті асыра пайдалану бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне енгізілді.