Екібастұзда төтенше жағдай жарияланды

Екібастұзда жергілікті деңгейде техногенді төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қаныш Сәтбаев атындағы су арнасының екінші сорғы бекетінде өрт шықты. Соның салдарынан нысанның сорғы агрегаттары жанып кетті. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Сарапшылар төтенше жағдайдан 270 миллион теңге көлемінде шығын келгенін айтады. Ал кәсіпорын басшысы су арнасына жақын елді мекендерде су тапшылығы болмайды сендірді. Себебі Екібастұз қоймасында 17 миллион текше метр су қоры бар. Бұл Павлодар мен Қарағанды облыстарының тұрғындарына 5-6 айға жетеді. Өрт салдарын жою жұмыстары 10 күннің ішінде аяқталады деп жоспарланған.

Сондай-ақ...