425,30 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

БҚО-да қыз алып қашқандар жол апатына түсті

  • 166
  • UPD: 21:03, 31.08.2021

Батыс Қазақстан облысында көлікпен қыз алып қашқан жастар жолда үйір жылқыға соқтығысқан. 

Оқыс оқиға Бөрлі-Ақсай-Жымпиты тас жолының бойында болды. 5 адам ауыр жарақат алып, төртеуі жансақтау бөліміне түсті. Алдын ала ақпарат бойынша көлік тізгінінде 22 жастағы жігіт отырған.

Мөлдір Садырғалиева, БҚО ПД Баспасөз қызметінің жетекші маманы:

- «Лада» маркалы автокөлігінің жүргізушісі 1999 жылы туған азамат 3 жылқыға соқтығысқан. Нәтижесінде көлікте болған 5 адам ауруханаға жеткізілді. Қазіргі таңда ҚР ҚҚ 345-бабына сәйкес тергеп тексеру амалдары жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы