Елордада «Тұлпар» сауда үйі өртеніп жатыр

Елордада Байқоңыр ауданындағы «Тұлпар» сауда үйі өртеніп жатыр. 

Бүгін сағат 07:36 минутта елордалық Өрт сөндіру қызметінің «101« пультіне Байқоңыр ауданы Уәлиханов көшесі 24 « Тұлпар« сауда үйінде өрт орын алғаны туралы хабарлама келіп түсті. №3 шақырту дәрежесі белгіленіп, өрт сөндіру есептерінің келіп жетуі кезінде 4 қабатты сауда үйдің ең жоғары 4-ші қабатында орналасқан сауда бутиктерінің өртеніп жатқаны анықталды. Өрт сөндіру жедел штабы құрылып, 2 жауынгерлік учаскеге бөлінген. Қазіргі сәтте өрт орнында елордалық ТЖД-ның 19 техникасы және жеке құрамның 71 адамы жұмылдырылған. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ