Шымкентте қойма қызыл жалынға оранды

Бүгін түнде Шымкенттегі минералды сусындар сақтайтын қойма жанып кетті.

Тәуке хан даңғылында орналасқан кәсіпорындардың бірінен өрт шыққаны туралы хабарлама түнгі сағат екілер шамасында түскен.

Тілсіз жауды ауыздықтауға Төтенше жағдайлар департаментінің 72 қызметкері,16 техника, 1 өрт пойызы жұмылдырылды. Нәтижесінде өрт таңғы алтыға қарай толық сөндірілді. Өрт сөндірушілер қоймадан 80 литрлік үш оттегі балонын және бір 50 литрлік газ балонын қауіпсіз жерге шығарған көрінеді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ, – деп хабарлайды Шымкент қаласының төтенше жағдайлар департаменті.