СҚО-да сіреспеден алғашқы адам көз жұмды

Қайғылы жағдай Ғабит Мүсірепов ауданында болған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тексеріс кезінде оның 54 жастағы Өзбекстан азаматы екені белгілі болды. Қазақстанға жұмыс істеуге келген ер адам шегені басып кетіп жарақат алған. Санитар мамандардың болжауы бойынша, ол бала кезінде ауруға қарсы вакцина алмаған болуы керек. Қазір марқұмның денесіне сот-медициналық сараптамада жасалып жатыр. 

Арман Күшбасов, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:

– Ер адам тамыздың 21-і жарақат алған. Бірақ дәрігерлерге 5 күннен кейін хабарласқан. Ертерек жүгінсе, аман қалуы мүмкін еді. Сондықтан тұрғындарға осындай жағдайларға немқұрайлы қарамауға кеңес береміз. Сіреспе вакцина арқылы ғана емделеді.