Елордада шағын автобус өртеніп кетті

Елорданың қақ ортасында көлік өртенді. Оқиға күндізгі он жарым шамасында болды.

Қабанбай батыр көшесімен келе жатқан шағын автобус кенет тұтанып, ізінше өртеніп кеткен. Адам шығыны жоқ. Оны сөндіруге 12 маман мен 2 бірлік техника тартылған.