Қостанайда көлік 11 жасар қызды қағып кетті

Жол апаты бүгін сағат 13:34-те қаладағы Абай-Волынов көшелерінің қиылысында болған.

Бұл туралы Қостанай облыстық Полиция департаменті хабарлады.

«Лада» көлігінің 31 жастағы жүргізушісі бағдаршамнан өтіп бара жатқан 11 жасар қызды соғып кеткен. Қыз бала ауруханаға жетізілді», – делінген мәліметте.

Қазіргі уақытта оқиға орнында патрульдік полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.