Риддерде үш баланың анасын қатыгездікпен өлтірген күдікті ұсталды

Риддер қаласында әйел адамды айуандықпен өлтірген күдікті ұсталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Полиция бөлімшесіне 44 жастағы келіншектің із-түзсіз жоғалып кеткені жайлы мәлімет түскен. Сол күні кешкісін оның денесі табылды. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, әйелді пышақтап кеткен. Марқұмның артында 3 баласы қалды . Қазір осы қанды қылмысқа қатысы бар күдікті ұсталды. Ол бұрын бірнеше рет істі болған 34 жастағы азамат екен. Айтуынша, ол әйелдің күміс бұйымдарын көріп, тартып алуға тырысқан. Ол енді 20 жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін.