Алматыда көп қабатты үйдің терезесінен екі бала құлап кетті: екеуі де көз жұмған

Алматы қаласында 9 қабатты үйдің терезесінен екі бала құлап кеткен.

Наурызбай ауданында қайғылы жағдайға байланысты қала әкімі Бақытжан Сағынтаев балалардың ата-анасына көңіл айтты.

«Наурызбай ауданында 3 пен 5 жастағы балалардың қазасына байланысты ата-аналарына көңіл айтамын. Алдын ала мәліметтер бойынша, бұл жазатайым болған оқиға. ЖП-ға мән-жайды анықтап, объективті тергеу жүргізу тапсырылды. Жағдайды жеке бақылауыма алдым», – деп жазды әкім өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.