Ақтөбеде кәмелетке толмаған қыз өз үйінде зорланған

Ақтөбе қаласындағы пәтерлердің бірінде кәмелетке толмаған қыз зорланған.

«Ағымдағы жылдың 3 қыркүйегінде сағат 10:15 шамасында Ақтөбе қ. ПБ Жедел басқару орталығының 102 телефонына Ағ.Жұбановтар көшесіндегі пәтерлердің бірінде кәмелетке толмаған қызды зорладығы туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына полицияның кешенді күштерінің жасақтары, жедел-тергеу тобы жедел жіберілген. Оқиға орнына жеткен полиция жасақтары белгісіз адамның пәтерге келіп есікті қаққанын, үйде жалғыз болған қыздың есікті ашқанын анықтады. Пәтерге кірген күдікті кәмелетке толмаған қызға жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыс жасаған», – делінген полиция басқармасы таратқан мәліметте.

Қазір қылмыскерді іздестіру жұмыстары жүріп жатыр, бұл іс Полиция департаменті басшылығының бақылауында.