423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Қарағанды облысында 5 жасар бала тоққа түсіп қалды

  • 171
  • UPD: 14:28, 05.09.2021

Ақсу-Аюлыдағы орталық саябақтағы балалар алаңында жүрген 5 жастағы бүлдіршін тоққа түсіп қалды. Баланың сол қолы күйіп қалған. Дәрігерлер алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Қазір үйінде ата-анасының қарауында.

Ал облыстық полиция бұл жағдайдан хабардар екенін мәлімдеді. Қазір оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалған.

Айта кетейік, Ақсу-Аюлы Қарағанды облысының Шет ауданына қарасты кент.

Бақытжан Құдияров, Қарағанды облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі: 

- Балалар алаңында 5 жастағы балаға тоқ соққан. Салдарынан баланың сол жақ қолын электрлік күйік шалған. Дәрігерлер оған алғашқы медицицналық көмек көрсетіп, қазіргі уақытта ол ата-анасының қарауына жіберілді. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 306-бабы 2-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Осыдан екі ай шамасы бұрын Алматыда да фонтанға түскен екі баланы тоқ соғып, ауруханаға түскенін айта кетейік. Оларды құтқармақ болған анасын да тоқ соққан. Оқиға Алматыдағы Қазақ мемлекеттік циркі ғимаратының жанындағы субұрқақта болған еді.

Кейін Алматы қалалық ТЖД ресми өкілі: «Субұрқақты бірнеше құзырлы мекемеден арнайы мамандар барып тексерген, бірақ ешқандай ақау табылмады. Тексеру жалғаса береді» деп хабарлаған болатын.

Хабар 24 телеарнасы