Алматыда дала өрті сөндірілді

Алматыдағы Талғар ауданында тау бөктерінде өрт шықты.

Сағат 4-тер шамасында 38 адам мен 8 бірлік техника тілсіз жаумен күресті. Өрт сөндіру жұмыстарына Алматы облыстық төтенше жағдай департаменті жеке құрамынан 7 адам және 2 техника жұмылдырылған. Анықталған екі өрт ошағының жалпы аумағы 2 жарым гектар. Құтқарушылар дер кезінде жетпесе, қызыл жалын жеке үйлерге шауып кетер еді. Олардың қырағылығының арқасында қозғалысы қиын аумақтардағы жалын бір сағатта түгел сөндірілді.