Алматы облысында мейрамхана өртеніп кетті

Алматы облысында мейрамхана өртенді, деп хабарлайды Хабар 24. Өрттің видеосы әлеуметтік желіде тарады.

Алматы облысы Қарасай ауданы Қырғауыл кентіндегі мейрамхананың өртеніп жатқаны жайлы 5 қыркүйек сағат 17:26-да төтенше жағдай қызметкерлеріне хабар жеткен.

«Мейрамханадан шыққан өрт сағат 18:13-де сөндірілді. Ғимараттың 500 шаршы метр аумағын жалын шарпыған. Оқиғадан зардап шеккендер мен мерт болғандар жоқ», делінген хабарламада.