Түркістанда трактор көліктерді таптап кете жаздады 

Түркістанда жүк көтергіш трактор тізгіндеген мас жүргізушіні полиция әзер тоқтатты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол тәртіп сақшыларына да бағынбай, басқа көліктерді таптап кете жаздады. Оқиға кеше кеште Саттар Ерубаев көшесінің бойында болған. Патрульдік полиция өз көлігін ұзын жолдың бойына көлденең қойып зорға тоқтатты. Ал жүргізушіні мәжбүрлеп түсірді. Ол қала тұрғыны болып шықты. Оған қатысты 5 бірдей әкімшілік хаттама толтырылды.