Маңғыстау облысында жатақханадан өрт шығып, екі адам көз жұмды

Маңғыстау облысы Боранқұл ауылынан 20 шақырым жердегі кен орнындағы жатақханада өрт болып, 2 адам қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ер адам Ақтау қаласының тумасы болса, әйел адам Бейнеу ауылының тұрғыны екен. Тағы 3 адам жарақат алды. Оқыс оқиға жергілікті уақытпен таңғы 4.30-дар шамасында болған. Өрт шыққан нысан «ҚазМұнайТеңіз» серіктестігіне қарайды. Тілсіз жаумен күресуге өрт сөндіру қызметінің 2 жасағы жұмылдырылды. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Айта кетейік, екі қабатты жатақханада 19 адам тұрады. 10 қызметкер түнгі ауысымда болған.