Оралдағы мектепте балалардың көзі кварцтан күйіп қалды

Оралдағы №3 мектепте кварцтан оқушылардың көзіне зақым келді. Үзіліс кезінде қосылған сәулелі аппарат сабақ басталған кезде ажыратылмаған. Салдарынан 7-сыныпта оқитын 10 жасөспірім зардап шегіп, оның сегізі ауруханаға жеткізілді.

Ал қалған екеуі үйінде ем алған. Дәрігерлердің айтуынша, қазір оқушылардың жағдайы жақсы. Білім саласының өкілдері кварцты балалардың өздері қосып алуы мүмкін деген болжам айтады. Ата-аналар тарапынан полицияға шағым түспеген.

Любовь Юшина, қалалық №3 орта мектептің директоры:

- Қызметтік тексеру жұмыстары жүргізілді. Мектептің техникалық қызметкерлері мен педагогтарға кварцты қолдану тәртібі жан-жақты түсіндірілді. Қауіпсіздік шараларын күшейтеміз.