Павлодар облысында жол апатынан жолаушы көз жұмды

Павлодар облысында жол апатынан жолаушы көз жұмды, деп хабарлайды Хабар 24 Polisia.kz сйтына сілтеме жасап.

2021 жылғы 6 қыркүйекте сағат 05.30-да Павлодар облысы Ақсу қаласының Темір жол вокзалы ауданында, «Беловка кенті-Ақсу» автожолында «Лада Приора» автокөлігінің 23 жастағы жүргізушісі көлікті басқара алмай, жолдан шығып кетіп, ағашқа келіп соғылған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 1994 жылы туған жолаушы алған жарақаттарынан ауруханада көз жұмды. Оны ауруханаға жүргізуші жеткізді.

Полиция автокөліктің арнайы айып тұрағына қамауға алынғанын нақтылады. Жүргізуші ішімдік ішпеген, сау. ЖКО фактісі бойынша Қазақстан Республикасы ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Айта кету керек, ағымдағы жылдың басынан бері Павлодар облысының аумағында 356 ЖКО тіркелген, соның салдарынан 31 адам қаза тапты, тағы 504 адам жарақат алды.