Қостанайда аю талаған қыз комаға түсті

Бұл туралы Қостанай облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Еске салайық, кеше бес жасар бүлдіршін демалыс базасында тордағы аюды тамақтандырамын деп жыртқыштың тырнағына ілінген. Салдарынан бүлдіршін ауыр жарақат алып, облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізген. Дәрігерлер науқастың аяғына операция жасады. Аюдың тісі қатты батқандықтан, қыз баланың сүйектері сынған.   

Ксения Жылқыбаева, облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы:

– Денсаулық сақтау министрлігінің бас травмотологы қатысумен арнайы кеңес құрылды. Мамандар онда қызды әрі қарай емдеудің тәсілдері жөнінде ақылдасты. Бүлдіршін әлі реанимацияда жатыр. Оның өкпесі жасанды желдету аппаратына қосылған.

Сондай-ақ...