425,73 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Атырауда екі сәби терезеден құлап, біреуі көз жұмды

  • 192
  • UPD: 14:54, 08.09.2021
Атырауда екі сәби терезеден құлап, біреуі көз жұмды

Атырау қаласында екі сәби көп қабатты үйдің терезесінен абайсызда құлап кетті. Өкініштісі сол, оның біреуі көз жұмып, екіншісі ауруханада жатыр.

Оқиға «Береке» ықшам ауданында болған. Бұл кезде балалардың анасы жұмыста, ал отағасы үйде ұйықтап жатыпты. Осылайша қараусыз қалған егіз сәби терезеге өрмелеп шығып, пластикалық торға асылған. Салмаққа шыдамаған москитті тор жұлынып кетіп балалар жерге құлаған. Жалпы ата-аналардың жауапсыздығы салдарынан жыл басынан бері Атырау қаласы бойынша 6 оқиға тіркелген. 3 бала қайтыс болған. Қазір соңғы оқиға бойынша қалалық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады.

Тұрлан Тұрсынғалиев, №2 қалалық полиция бөлімінің бастығы:

- 2020 жылы туған егіз сәбидің 3-қабаттан құлау фактісі бойынша ҚР ҚК 141-бабымен, яғни ата-аналардың өз міндеттерін дұрыс атқармағаны бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеп тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы