Павлодарда бір мезетте 7 көлік соқтығысты

Жол-көлік оқиғасы қаладағы Лермонтов көшесінде болды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

- 9 қыркүйек күні сағат 09:07-де «Ауди» маркалы автокөлігінің жүргізушісі қауіпсіз қашықтықты таңдап алмай, 7 автомашинамен – «Лада», «Ниссан», «Тойота», екі «Хонда» және «Равонмен» соқтығысты.  «Ауди» жүргізушісінің айтуынша, көлік қозғалысы кезінде тежегіштер істен шығып, алда келе жатқан автокөлікпен соқтығысуға жол бермеуге тырысқан, – деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Аталған факті бойынша «Ауди» жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік іс қозғалды.