Ақтөбе облысында жолаушылар пойызына кран құлады

Ақтөбе облысында жолаушылар пойызына жүк краны құлады. Нәтижесінде 13 вагонға зақым келді.

Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Оқиға кеше Шокысу станциясында болды. Көршілес жолда тұрған пойыз платформасы кранының жылжымалы бөлігі қозғалып кеткен. Қазақстан темір жолы ұлттық компаниясы апат салдарын осылай деп түсіндірді.