Алматыда велосипед пен самокат жүргізушілері бетпе-бет соқтығысты (видео)

Бұл жол апатының видеосы әлеуметтік желіде жарияланды.

Оқиға Шевченко көшесіндегі веложолақта болған, деп хабарлайды kolesa.kz.

Бейнежазбадан велосипедшінің өз жолағымен батысқа қарай қозғалып бара жатқанын байқауға болады. Бірақ Байзақов көшесімен қиылыста ол суағар қақпағын айналып өтем деп қарсы жолаққа шығып кетеді де, электросамокат мінген қызға бетпе-бет соғылады.

Апатқа ұшыраған азаматтардың жағдайы жайлы ақпарат жарияланған жоқ.