Оралда марихуана сақтаған адам ұсталды

Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының 50 жастағы тұрғынынан 2 жарым келі марихуана табылды.

Күдікті «Қарасора» және «Дәрмек» жедел іс-шаралары барысында қолға түскен. Тағы 41 бұта сора өсімдігі сараптамаға жіберілді. Ал Сырым ауданының 31 жастағы тұрғынынан 9 бұта сора және мылтық тәркіленді. Ол бұрын сотталған екен. Екеуі де қамауға алынды.

Бақыт Ашқаров БҚО ПД бастығының орынбасары:

- Жыл басынан бері өңірде заңсыз есірткі айналымына қатысты 174 құқық бұзушылық тіркелді. Соның ішінде 21-і есірткі сатуға байланысты болса, 112-сі қылмыстық істер. Заңсыз айналымнан 48 кг 293 грамм есірткі және психотроптық заттар алынды.