Тараздағы жарылыс: тағы бір өрт сөндіруші көз жұмды 

Жамбыл облысындағы жарылыстан зардап шеккен тағы бір өрт сөндіруші қайтыс болды.

Бұған дейін Жәнібек Тұрманов Нұр-сұлтан қаласындағы травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтының ауруханасына жеткізілген еді.

Жалпы Жамбыл облысында жарылыс салдарынан қаза тапқандар саны он жеті адамға жетті. 10-ы азаматтық қорғау органдарының қызметкері, алтауы Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілері және бір әскери прокурор.

Жоғалған бір адамды іздеу жалғасып жатыр.