Қостанай облысындағы атыстан екі адам қайтыс болды

Бүгін Қостанай облысындағы Лисаков қаласында атыс болды.

66 жастағы тұрғын көршісімен жанжалдасып, аңшы мылтығымен екі әйелді жаралады. Күдікті кіреберісте оқиға орнына жеткен полицейлерге де оқ жаудырған. Тәртіп сақшылары қызметтік қару қолдануға мәжбүр болды. Атыс кезінде тергеушіге оқ тиген. Дегенмен көп ұзамай қылмыскер ұсталды. Ол да жараланып, кейін ауруханада қайтыс болды. Оққа ұшқан әйелдің бірі жансақтау бөлімінде көз жұмды. Қазір тиісті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Әлкен Жабақов, полиция лейтенанты:

– Қоңырау түскен бойда оқиға орнына келіп жеттік. Подъезде қаңсырап жатқан екі әйелді көрдік. Сол кезде ер кісі бізге қарсы мылтығымен ата бастады. Сөйтіп біз қызметтік қарумен оны жараладық.