423,95 504.32 5.84
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Алматыда жол апатынан екі адам қаза болды

  • 211
  • UPD: 15:32, 13.09.2021

Алматы облысының Талдықорған-Үштөбе тас жолының 41 шақырымында жантүршігерлік жол апаты болды.

Тойота Карина мен Ауди 80 маркалы көліктерінің бетпе-бет соқтығысуынан екі адам қаза тапты. Марқұм болғандардың екеуі жүргізуші. Одан өзге төрт жолаушы түрлі дене жарақатын алды. Олар жедел жәрдем көлігімен Қаратал аудандық ауруханасына жеткізілді. Облыстық ПД аталған жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғап тергеп тексеру амалдарын бастады

Хабар 24 телеарнасы