Қызылорда облысында қарасора өсіргендер ұсталды

Қызылорда  облысының үш тұрғыны алқапқа 2 мың түптен астам қарасора егіп тастаған. Алайда жинап үлгірмеді.

Бұл жайтты полиция арнайы жедел шара кезінде анықтаған. Қазір күдіктілерге қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Егер олардың қылмысы дәлелденсе, 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін. Әзірге тергеу жүріп жатыр.