Жалған құжатпен субсидия алғандар ұсталды

Павлодарда 216 млн теңге мемлекеттік субсидияны жымқырған азаматтар анықтады.

Қаржы мониторингі агенттігінің хабарлауынша, белгілі бір топ "Сыбаға"  бағдарламасы аясында бөлінген қаражатты ұрлаған. Олар арнайы схемамен жұмыс істеген. Мәселен, Павлодар тұрғыны Ресейде ірі қара мал сатып алып, құжаттарда оларды «Герефорд», «Симментал» деген асыл тұқымдар ретінде көрсеткен. Субсидия алуға арналған өтінімдерде ірі қара мал туралы жалған мәліметтер жазып, келісімшарттарды қолдан жасаған. Кейін 100 мыңнан 6 миллион теңгеге дейінгі ақшалай сыйақы үшін Павлодар қаласының тұрғыны басқа кәсіпорындарға мемлекеттік субсидияларды заңсыз алуға жәрдемдескен.

Бүгінде топ ұйымдастырушысы мен қатысушылары түрлі мерзімге сотталды.

Сондай-ақ...