Қостанай облысында жол апатынан көлік жүргізушісі көз жұмды

Жол-көлік оқиғасы 14 қыркүйекте болған. Бұл туралы Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі хабарлады.

14 қыркүйек күні сағат 16:00 шамасында Қостанай-Әулиекөл-Сұрған автожолында ВАЗ-21099 автокөлігінің жүргізушісі қарсы бағытта келе жатқан КамАЗ автокөлігі тіркемесінің артқы осімен соқтығысты.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан ауыр жарақат алған ВАЗ жолаушысы мен жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. Дегенмен көлік жүргізушісінің өмірін сақтап қалу мүмкін болмады», – деп хабарлады ПД.