Шымкентте екі жасар бүлдіршін 8-қабаттан құлап мерт болды

14 қыркүйек күні сағат 20:40-та төтенше жағдайлар қызметіне бүлдіршіннің сегізінші қабаттан құлап кеткені туралы хабарлама келіп түскен.

Қайғылы оқиға Нұрсәт шағын ауданында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, ата-анасының қарауынсыз қалған 2019 жылғы қыз бала 8-қабаттан құлап кеткен. Сәби оқиға орнында көз жұмды.

Жыл басынан бері Шымкентте балалардың терезеден құлауы бойынша алты жағдай тіркелді. Олардың үшеуінде бүлдіршіндер көз жұмған.