Атырауда браконьерлерден 50 келіге жуық бекіре тұқымдас балық тәркіленді

Балық қорғаушыларды көрген браконьерлер алды-артына қарамай қашқан.

Кезекті рейд кезінде Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекторлары браконьерлердің өзін ұстамаса да олжалы қайтқан. Олар 50 келі су маржанын, моторлы қайық пен 80-90 метрлік ау құралдарын тәркіледі. Енді бұл заттар тиісті мекемеге жөнелтіледі.

Нұрлыбек Ғайсин, Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының басшысы: 

- Балық Атырау бекіре зауытына тапсырылады. Қайығы Атырау қаласының арнайы базасына тапсырылады. Сонымен қатар жинақталған істің бәрі құқық қорғау органына беріледі. Әрі қарай олар тексере отырып, іс қозғайды.