Алматыда оқу-жаттығу кезінде әскери қызметші қаза тапты

Алматы облысында парашютпен жоспарлы секіру оқу-жаттығуы кезінде Қарулы Күштердің әскери қызметшісі қаза тапты.

Марқұм 1990 жылы дүниеге келген. Өзге ақпарат туыстарының өтініші бойынша жария етілмейді. Марқұм бұған дейін 50-ге жуық парашютпен секіруді орындаған. Штаттан тыс парашютті-десант құтқарушылар тобының құрамына кірген. Қазір қайғылы жағдайдың мән-жайы анықталуда.

Қорғаныс министрлігі және Қарулы Күштердің жеке құрамы қаза болған әскери қызметшінің жақындары мен туыстарына қайғырып көңіл айтады. Отбасына тиісті көмек көрсетіледі, делінген ресми хабарламада.