Еуропаға аттандырылмақ болған 4 тонна есірткі көрсетілді

Перу полициясы жақында жүзеге асырылған операциялар кезінде қолға түсірілген 4 тонна кокаин мен марихуананы көрсетті.

Осы елдің Есірткімен күрес жөніндегі агенттігі бастығының айтуынша, қылмыстық топтар бұл заңсыз жүктерді Еуропа мен Чилиге аттандыруды көздеген. Қолға түсірілген 4 тонна есірткінің Перуде құны 3 миллион доллар болса, Еуропада 170 миллион долларға сатылмақ болған екен.