Қостанайда жарылыстан үш адам зардап шекті

Жер үйдің жертөлесінде құрылыс жұмыстарын жүргізген жұмысшылар газ-ауа қоспасының жарылысынан ауыр жарақат алды.

Төтенше жағдай департаментінің айтуына қарағанда, бригада қабырғаларды құрылыс көпіршігімен жылытқан. Салдарынан жарылыс және өрт қаупі бар газ-ауа қоспасының жоғары шоғырлануы пайда болған. Бұл құбылыс тарсылға әкелген. Құтқарушылардың көмегімен жертөледегі үш адам сыртқа шығарылды. Олар қалалық ауруханаға жеткізілді. Денелерін күйік шалған екеуі жансақтау бөлімінде жатыр. Бетін және басын күйік шалған үшіншісі медициналық көмектен бас тартқан. Оқыс оқиғаның мән-жайын полиция тексереді. 

Авторы: Данияр Сұлтанұлы