Алматыда астыртын казино анықталды

Алматыда монша түрінде жұмыс істеген астыртын казино анықталды. Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша аумақтық департаментінің өкілдері заңсыз ойын қызметінің жолын кесті.

Тексеру кезінде мекемеде 23 ойыншы мен қызмет көрсетуші адамдар болған. Айғақ заттар тәркіленді. Астыртын жұмыс істеген казино өкілдері ішке тек тұрақты түрде келіп жүрген азаматтарды ғана өткізіп отырған. Ойыншылар қаражатты казино ұйымдастырушыларының есеп-шоттарына аударып келген. Қазір заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру басталды.