Қостанайда вакцина туралы жалған ақпарат таратқан адам ұсталды

Жалған хабарлама жіберіп жұртты дүрліктірген қостанайлық ұсталды.

Ол  WhatsApp желісінде «ата-ананың рұқсатынсыз 13 оқушыға екпе салынып, бір бала қайтыс болды» деген қауесет таратқан. Хабарламаны денсаулық сақтау басқармасы мен білім басқармасы бірден жоққа шығарды. Шұғыл іздестіру шарасы барысында Қостанай қаласының 38 жастағы тұрғыны анықталды. Жүк көлігінің жүргізушісі қазір Ресейде жүр екен. Елге оралғаннан кейін оған қатысты тергеу амалдары жүргізілмек.

Ирина Беженарь, полиция департаментінің баспасөз хатшысы:

- Осы оқиға бойынша қылмыстық кодекстің 274-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл бап бойынша айыпталғандар үш мың айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейді. Тіпті үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы да мүмкін.