Оралда топтасып төбелесу кезінде 25 жастағы азамат зардап шекті

Оған жабылған бірнеше жігітті полиция оқиға орнында қолға түсірді.

Мейрамхананың жанында болған оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Тексеру барысында күдіктілердің бірінің көлік жүргізу құқығынан айрылғаны және есірткі қолданғаны анықталды. Қазір топтасып төбелескендердің үстінен ҚР ҚК 293 бабы 2 бөлімі және 346 бабының 1 бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Айта кету керек, жуырда ғана түнгі клубтардың бірінің жанында осындай топтасып төбелесу салдарынан ер адам көз жұмған еді.

Авторы: Талғат Серікқалиұлы

Сондай-ақ...