425,63 492.05 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Алматыда көп қабатты үйден өрт шықты

  • 220
  • UPD: 16:31, 17.09.2021
Алматыда көп қабатты үйден өрт шықты ҚазАқпарат

Алматыда көпқабатты үйлердің бірінен өрт шығып, тұрғындар эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы қалалық төтенше жағдайлар депаратаментінің мәліметінше, 17 қыркүйек күні сағат 15:09 кезінде «101» пультіне Медеу ауданы, Н. Назарбаев даңғылында орналасқан 4 қабатты үйден түтін шыққаны туралы хабар келіп түсті. «Өрт сөндірушілер оқиға орнына 3 минутта жетті. Олар 4-қабатты тұрғын үйдің шатыры ашық жалынмен өртеніп жатқанын анықтады. Тұрғындар дереу эвакуацияланып, өрт оқпандары енгізілді, автоцистерналар гидранттарға орнатылып, автоматты көп иінді өрт сөндіру көтергіш жұмылдырылды»,- деп хабарлады қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі. Жағдай алғашқы минуттардан бастап бақылауға алынды. «Өртті сөндіруге 28 техника мен жеке құрамынан 90 астам адам жұмылдырылды. Оқиға орнында арнайы штаб құрылды. Сонымен қатар, көше толық жабылды»,- деп нақтылады ведомствадан.

Хабар 24 телеарнасы