Алматыда үш қабатты үйден шыққан өрт оқшауланды

Алматыда үш қабатты үйден өрт шықты.

Шатырдан шыққан көк түтінді көрген адамдар дереу Төтенше жағдайлар департаментіне қоңырау соққан. Ғимараттың үстіңгі қабаттарында пәтерлер болса, бірінші қабатта кеңселер орналасқан. Полиция маңайды қоршауға алып, ешкімді жақындатпады. Қызыл жалынмен күреске 28 арнайы техника мен 90 өрт сөндіруші жұмылдырылды. Алдын ала болжам бойынша, өртенген аумақтың көлемі шамамен 1500 шаршы метр. Абырой болғанда қызыл жалыннан зардап шеккендер жоқ. Тұрғындар мен кеңсе қызметкерлері дереу эвакуацияланған. Өрттің шығу себебі әзірге белгісіз.

Гүлдана Нұрымбетова, қалалық ТЖД ресми өкілі:

– Өрт оқшауланды, үшінші, екінші, бірінші қабат өрттен аман алып қалды. Сондай-ақ қазір үйінділерді алып тастау және су төгу жұмыстары жүргізілуде. Жан-жақтан төрт жауынгер учаске құрылып, барлық периметр бойынша 14 әмбебап өрт сөндіру оқпандары енгізілді.