Нұр-Сұлтанда жалған вакцина паспортын жасағандар ұсталды

Елордада жалған вакцина паспортын жасағандар ұсталды.

Қалалық емханалардың бірінде 2 медициналық қызметкер және бірінің жолдасы соңғы 3 ай бойы екпесіз вакцина төлқұжатын сатып келгені анықталды. Әр тапсырысты алдын ала төлемнен кейін және тек таныстарынан қабылдаған. Күдіктілер ҚР Қылмыстық Кодексінің 385 бабы бойынша айыпталуда. Қазіргі таңда соталды тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Тінту кезінде медициналық құжаттама мен ұялы телефондары тәркіленді. Жіті тексеру жұмыстары үшін сараптама тағайындалды.

Сондай-ақ...