Қазақстандық зілтеміршінің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Алматы облысының полиция департаменті қазақстандық ауыратлет Альберт Линдердің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлім етті, деп хабарлайды Хабар 24 Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.

«Бұл іс бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105 бабына («Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу») сәйкес соталды тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», - деді өңірлік полицейлер. 

Бұған дейін 17 қыркүйекке қараған түні қазақстандық зілтемірші Альберт Линдер 25 жасында қайтыс болғаны хабарланған еді.