Қарағанды облысында дала өртін сөндіру кезінде үш адам зардап шекті

Қарағанды облысында дала өртін сөндіру кезінде Егіндібұлақ ауылының 3 тұрғыны күйіп қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірінің денесін 90%-ке дейін, қалған екеуін 30% күйік шалған. Өткен тәулікте Қарқаралы, Ақтоғай және Шет аудандарында 3 мың гектар алқап отқа оранған. Алты жерден шыққан өрт ошағы қазір сөндірілді. Оған 340 адам мен 95-ке жуық техника тартылған. Тілсіз жаумен күрескендердің 100-ге жуығы Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары болса, қалғаны ерікті түрде келгендер.