Алматы облысының тұрғыны үйінде 20 қап есірткі сақтаған

Алматы облысының тұрғыны өз үйінде 20 қап есірткі сақтаған.

Күдіктінің заңсыз әрекеті полицейлер мен ұлттық қауіпсіздік комитетінің бірлесе өткізген арнайы операциясы кезінде әшкереленді. Тексеру барысында оның үйінен 17 келіден астам зиянды өскін табылған. Тәртіп сақшылары Алакөл ауданында тұратын 49 жастағы ер адамды қамауға алып, тәркіленген марихуананы сараптамаға жіберді. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды.