Алматыда атыс болып, 5 адам қайтыс болды

Бүгін, 2021 жылы 20 қыркүйек, кешкі сағат 17.00 шамасында Алматының Алатау ауданындағы Ақбұлақ шағынауданында жантүршігерлік оқиға орын алды. Сот қаулысын орындау кезінде бес адам, оның ішінде екі полиция қызметкері қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қайғылы оқиға «Ақбұлақ» шағын ауданында болған. 

Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, үйден шығару туралы сот қаулысын туралы сот шешімін орындау кезінде осы үйдің тұрғыны – 1967 ж. азамат Д. озбырлық көрсетіп, қарудан оқ жаудырған.

«Бес адам, оның ішінде қызметтік міндеттерін атқарып журген екі полиция қызметкері оқтан жарақат алып, қайтыс болды. Біз қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтамыз.

Күдікті залалсыздандырылып, ұсталды. Қазіргі уақытта жағдай бақылауда. Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу шаралары жүргізілуде»,– деді Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.