Алматыда атыстан қаза тапқан тәртіп сақшыларының есімі белгілі болды

Алматыда 54 жастағы күдікті қолынан қаза тапқан полиция қызметкерлерінің есімі белгілі болды. 

Ішкі істер министрлігінің ақпараты бойынша, олар Алатау ауданының учаскелік инспекторлары – 39 жастағы полиция майоры Дархан Сүлеев және 33 жастағы полиция капитаны Нұрбол Байғазиев.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылы 20 қыркүйек, кешкі сағат 17.00 шамасында Алматының Алатау ауданындағы Ақбұлақ шағынауданында сот қаулысын орындау кезінде бес адам, оның ішінде екі полиция қызметкері қаза тапты.