Алматыдағы «барахолка» базарында өрт шықты

Алматыдағы ірі базарда өрт шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қызыл жалын бүгін сағат 12:14-те Алатау ауданы Солтүстік айналма жол-34 мекенжайындағы Қазына базарына тіркелді. Бұл туралы облыстың Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады. Арнайы жасақ барғанда оқиға орнында 120 шаршы метр аумақта бірнеше екі қабатты контейнер өртенгені анықталған. Тілсіз жаумен күресу үшін жедел штаб пен екі жауынгерлік аймақ құрылды. 40-тан аса адам мен 14 техника жұмылдырылды. Нәтижесінде өрт 18 минутта сөндірілді.