Қарағандыдағы қоймалардың бірінде өрт шықты

Бүгін түнде Қарағанды қаласында қоймалардың бірінде көлік дөңгелектері жанып, қою түтін маңайды алып кетті.

От қайта өңдеу зауыттының қоймасында болған. Төтенше жағдайлар қызметі мамандарының айтуынша, зардап шеккен ешкім жоқ. Көршілес ғимараттарға да қауіп төнбеген. Тек мың шаршы метр аумақ отқа оранған. Өртті сөндіруге 45 маман мен 12 техника жеткен. Тіпті өрт сөндіру пойызы да келген.