Жамбыл облысында жол апатынан 6 адам көз жұмды

Жамбыл облысында ірі жол апаты болды, деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 23 қыркүйегінде сағат 06:00 шамасында Байзақ ауданының Алматы-Ташкент тас жолының 476 шақырымында Audi-А4 және Toyota Camry маркалы екі көлік соқтығысты.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан 6 адам оқиға орнында көз жұмды. Toyota Camry автокөлігінің екі жолаушысы түрлі жарақаттармен емдеу мекемелеріне жеткізілді.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру өндірісі басталды. Жол-көлік оқиғасы себебі анықталуда, тиісті сараптамалар тағайындалды.